$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде дәмханада өрт шықты

Өрт Қазақстан көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан дәмханада шықты деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Түтін тұрғын үйдің ішіне толық таралған. Сол себепті тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Барлығы 160 адам эвакуацияланды.

Ал дәмхананың 29 жастағы жалдаушысының денесін 15 пайыз күйік шалған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазір өрттің себеп-салдары анықталуда.

Дереккөз: Baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары