$ 448.56  478.03  4.79

«Каспий бестігі елдерінің саммиті»: Ақтау көшелерін порошок ұнтағымен тазалауда (ВИДЕО)

Ақтауда 12 тамызда өтетін Каспий бестігі елдерінің саммитіне орай жолдарды кіржуғыш ұнтағымен тазалауда. Бұл сәт түсірілген видеоны NUR.KZ интернет порталына куәгерлердің бірі жолдаған.

Ер адамның айтуынша, жұмысшылар көшелерді арнайы киім жуатын ұнтақпен тазалап жуып жүр екен.

Бейнежазбада жолдың ортасында тұрған арнайы көлік пен оның маңындағы жұмысшылардың тас жолды щеткамен жуып жүргені көрінеді.

«Ақтауда жолдарды кір жуатын ұнтақпен тазалайды. Міне, бізде саммитке қалай дайындық жүріп жатқанын көріңіздер. Көрдіңіздер ме, кіржуғыш ұнтақпен жуып жатыр. Бізде президенттерді осылай күтіп алады», – дейді видео авторы.

Айта кетсек, 12 тамыз күні Ақтау қаласында Каспий бестігі елдерінің саммиті өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан елдері қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары