$ 494.87  520.65  4.91

Шұжықтан емес: Қарағандыда қайтыс болған 3 жасар қыздың анасы сараптамаға сенбейді

Жаңа жылда Қарағандының жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған үш жасар Әйзере ҚаҺарманованың неден қайтыс болғанын жарты жыл зерттеген мамандар, сараптама қорытындысын ақыры жариялады. Бала шұжықтан қайтыс болған. Сараптаманың нәтижесі осындай. Алайда, Әйзеренің анасы бұл қорытындыға сенбейді деп мәлімдейді 31 арна. 

Сөзінше, қызының өлімін тексерген мамандар негізгі сұрақтарға жауап бермеген. Сот-медициналық сараптама бүлдіршіннің анасы ауруханадан үйіне 13 сағатқа алып кеткенде, шұжық жегеннен қайтыс болғанын көрсеткен. Мамандар, тіпті осы уақыттың ішінде Әйзеренің бірнеше инфекциялық микс, рото және энтара вирустарын жұқпалы аурулар ауруханасында емес, үйінде жұқтырғанын анықтаған көрінеді. Әйзеренің анасы, енді шетелдің сарапшыларынан көмек сұрайтынын айтады. Сараптама қорытындысына шағымданамын деп, тіпті қорғаушыны да жалдап қойыпты. Үш жастағы Әйзере желтоқсанның 31 күні қайтыс болған еді. Жөтелі қысып, ыстығы көтерілген бүлдіршінге анасының айтуынша, бірде бір дәрігер көмек көрсетпеген.

«Бізден анализдер алды, Әйзереден алды. Бірақ ондай ештеңе шыққан жоқ. Колбаса бәрі таза. Біздің организміміз таза деп шықты. Ал осы сот-медициналық экспертизаның қорытындысы тағы да колбаса кінәлі деп көрсеткен», - дейді Әйзеренің анасы Диана Қаһарманова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары