Алматыдағы Арбатта серуендеп жүрген жолбарыс қала тұрғындарын шошытып қойды. Көпшілік жыртқыш аңның адам көп шоғырланған жерде жүруіне наразы болған. Осыған байланысты аңның қаланың қақ ортасында не істеп жүргені анқтлады. Оқиғаның мән-жайын жолбарыстың иесі айтып берді деп жазады NUR.KZ.
Анықталғандай, "Шапито Акула" циркіне тиесілі жолбарыс вайн түсіріліміне қатысқан. Арбатқа оны тәжірибелі жаттықтырушысы алып шыққан.
"Ол қазақстандық танымал вайнерлермен түсірілімге қатысты. Ол жерге оны тәжірибесі мол жаттықтырушымыз апарды. Қастарынан өтіп бара жатқан адамдар оны желіге жүктеп, ел арасында шу тудырған.", - деп айтты цирк өкілдері.
Жолбарысты көпшілік алдына алып шыққаны үшін бар жауапкершілікті жаттырқырушы өз мойнына алды.
Оқиғаның желіге шығып кеткенінен кейін тәртіп сақшылары жолбарыс жаттықтырушысын іздестіріп, оны бөлімшеге шақырған. Маман өз әрекетіне байланысты түсіндірме қағазын толтырды.
"Расымен биліктен ешқандай рұқсат алған жоқпыз. Жаттықтырушы полиция бөлімінде болып қайтты. Онымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алайда, қайталап айтамын, жаттықтырушының тәжірибесі өте мол. Оның үстіне жолбарыс жас әрі сабырлы. Онымен қиындықтар ешқашан туындамаған", - деп айтты цирк өкілі.