$ 448.15  483.46  4.86

Алматының демалыс орнында жолбарыс жетектеген ер адам жұртты шошытты (ВИДЕО)

Алматыда Арбат демалыс орнында тапа-тал түсте жолбарыс жетектеген ер адам жұртты шошытты. Осынау сәтті телефон камерасына түсіріп алған куәгер видеоны желіге жүктеген.

Арбат қала тұрғындарының көпшілігі балаларымен серуендеуге келетін демалыс орны. Жыртқыш аңды сескенбестен көпшілік жерде жетектеп жүрген ер адам осында демалып жүрген жұрттың құтын қашырды.

Бейнежазбада демалыс орнында үлкендер ғана емес, кішкентай балалардың жүргенін де аңғаруға болады. Алайда, жыртқыш аң жүрген маңға ешкім жоламаған.

Жолбарыстың аузы тұмшаланбаған, яғни қоғамдық орында жыртқыштарды ұстау ережесі сақталмаған. Оның иесін полицейлер жауапқа тарта ма, жоқ па - ол жағы белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары