04.08.2018, 06:11

Ресейде тікұшақ құлап, 18 адам қайтыс болды

Ресейдің Красноярск аумағына жақын орналасқан Игарка қаласынан екі шақырым қашықтықта Ми-8 тікұшағы құлап, 18 адам қайтыс болды деп жазады ТАСС.

«UTair» тікұшағы ұшақ жолағынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай жерге құлады.

«Бортта 3 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болды. Олардың барлығы да қайтыс болды», – деп хабарлады агенттіктегілер.

Оқиғаның нақты себебі анықталмады. Тек техникалық ақау не ұшқыш қателігі болуы мүмкін деген болжам бар.