$ 443.44  480.51  4.88

Астанада КамАз бен жеңіл көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты

Астанада сенбі күні жантүршігерлік жол апаты болды: жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан.

Sputniknews.kz агенттігіне ішк істер департаменті хабарлағандай, бастапқы деректер бойынша, Mercedes жүргізушісі Пушкин көшесі жақтан Байырқұм көшесімен келе жатып, кері бұрыла бергенде КамАЗ көлігіне соғылған.

Қатты соққыдан көліктер қарама-қарсы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, тағы бір машинамен соқтығысады.

Салдарынан Mercedes көлігінің қырық жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды, жүргізуші аурухана жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары