Өзбекстан базарларының бірінде саудагерлер ұры деп күдікке ілінген жас жігітті ұстап алып, оның жазасын өздері берді. Бұл сәт түсірілген видео Kun.uz порталында жарияланған.
Оқиға Қарақалпақстанның Беруни ауданында болған. Ақпараттық порталдың хабарлауынша, саудагерлер ұрлық үстінде ұсталған жігіттің қолын байлап, оны базардың қақпасына асып қойыпты. Олар тіпті милиция шақыруды ойламаған.
Видео жарық көрісімен Өзбекстанның ішкі істер министрлігі бұл жайтты өз бақылауына алды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқиға 1 тамыз күні болған екен. Ұрыны қылмыс үстінен ұстадым деген ер азаматтың өзі қазір істі болып жатыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.