$ 494.87  520.65  4.91

ЭКСПО-ға енді қаржы бөлінбейтін болды

«ЭКСПО 2017» халықаралық көрме кешенінің құрылысына қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Болат Әшімов мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі таңда көрме кешені құрылысының 30 пайыздайы орындалған.

«Бұл ауқымды нысанға бөлінген 470 миллиард теңгенің 100 миллиард теңгеден астамы игерілді. Құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Біздің ойымызша, алдын-ала саналған қаражаттан аспайды. Сол бөлінген қаражатты жеткізуге тиіспіз. Жеті үлкен-үлкен мердігерлер, олар өздеріне көмекке жалдап алған жүзден астам қазақстандық мекеме бар. Ол сан тағы да көбейеді, деп ойлаймын. Өйткені бәрі жаңадан басталып жатыр. Меніңше, санға салсақ, жұмыстың 30-40 пайызы істелініп қойды. Тапсырылмаса да, дайындығы да, сатылымы да бар», – дейді «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Болат Әшімов.

Оның айтуынша, көрме кешені құрылысының мерзімі белгіленген межеден ерте аяқталуы да ықтимал. Айта кетсек, жуырда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО павильондарының құрылысын келер жылдың қыркүйек айына дейін бітіруді тапсырған.

Басқарушы директор Миландағы халықаралық көрменің тәжірибесін ескере отырып, құрылысты аталған мерзімге дейін аяқтау, ЭКСПО-ға қатысушы мемлекеттерге көрме павильондарын ертерек табыстау мүмкіндігін туғызатынын айтуда. «Ғимараттарды мерзімінін бұрын тапсыру, көрменің құрылыс сапасына кері әсер етпейді», – деді ол.

«Тапсырыс бойынша біз сентябрь-октябрь айында сыртқы мемлекеттерге павильондар тапсырамыз. Бірақ жалпы мерзімі, қалаға тапсыру, қадағалаушы органдарға тапсыру мерзімі жылдың аяғына дейін созылып кетуі мүмкін», – дейді ол.

Астана телеарнасы

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары