$ 449.58  486.94  4.86

Айдын Айымбетов ғарышта Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайын зерттеумен айналысады

Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқаны үшін Қазақстан Ресейге төленуі тиісті $20 млн қаражатты 2016 жылы Байқоңырдан жалға алынатын ақысы есебінен өтей алады. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш агенттігінің төраға орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды skifnews.kz

Ал, Айдын Айымбетов ғарышта Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайын зерттеумен айналысатын болады. Бұл жайында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті Жұмабек Жантаев журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды skifnews.kz

Жантаевтың айтуынша, Каспий өңірінің – жағалау мен теңіз айлағын – көмірсутектерімен ластануын зерттеу және мұнай құбырларына мониторингі жасау. Сондай-ақ ғарыштық бомедицина және ғарыштық биотехнологиялар саласында Айымбетов өзінің ағзасына гамма-сәулелердің ықпалын зерттейді. Бұдан бөлек ғарышта тағы бір ғылыми зерттеу жүргізілетін болады. Ол Ұлттық тағамтану инстиутының тапсырысы бойынша жүзеге асқалы отыр. Атап айтқанда, Айымбетов ғарышта қазақтың 8 түрлі ұлттық тағамымен тамақтанатын болады. Олардың қатарында ет, айран, ірімшік бар.

Сондай-ақ, Айымбетов ғарышта Арал теңізінің ластануын, Қаспий теңізінің мұнай өндірісі кезіндегі ластануын зерттейді. Айымбетов ғарышта Астанада өтетін ЕХРО мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фильмге арнап видеожолдау түсіреді, деп жоспарланып отыр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары