Шымкентте видеокамераны көрген полицейлер жұмыс орынын тастап қаша жөнелді. Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі Atyrau Auto Club тобында жарияланды.
Видеоны түсіріп тұрған танымал қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов. Ол Ақпан батыр көшесінде тыйым салынған жерде тұрып, көлік тоқтатып тұрған жол полициясы қызметкерлерін алыстан видеоға түсіре бастайды. 10 шақты метр жақын қалғанда қоғам белсендісін көрген полиция қызметкері көлігіне жүгіріп, қашып кетеді.
Еске салайық, шымкенттік қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов жол полицейлерінің заңға қайшы әрекеттерін әшкерелеумен аты шыққан. Былтыр оны полция ұстап, бопсалау дерегі бойынша соттаған болатын. Сот үкіміне сәйкес, ол 2 жыл 6 айға шартты жазаланды.