$ 494.87  520.65  4.91

«Күнәларым бар, өткен қайтып келмейді»: Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

Отандық танымал спортшы Илья Ильин отбасылық оқиғалары мен басынан өткен қиындықтары туралы бөлісті. Ауыр атлеші орын алған допинг жанжал мен Наталья Кулаковамен ажырасып кеткені жөнінде ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

Илья әйелімен ажырасу өзіне ауыр тигенін жасырмады. Оған қоса спортшы ол кезеңде допинг жанжалына қатысты күйзелісте жүргенін мойындады.

Алайда, ауыр атлет спорттық мансабындағы келеңсіз оқиға орын алмаған күнде де жанұясын бәрібір сақтап қала алмайтындарын жеткізді. Оның айтуынша, жанұяда шешілмей қалған мәселелер жиналып қалған.

«Мен өзіммен-өзім жеке бөлек өмір сүремін. Мен менмін, басқалардың көргісі келетін адам емеспін. Барлық міндеттерімді еркекше орындадым. Мен қызу қанды жігітпін, күнәларым да жоқ емес екенін мойындаймын. Алайда, бұл өмір өткенді қайтарып ала алмайсың», - деп айтты Ильин.
Спортшы қарым-қатынаста өзара түсіністік пен қолдаудың аса маңызды екенін атап өтті. Дәл осы нәрселер Наталья екеуіне жетіспеген көрінеді. Оның айтуынша, әйелі екеуін тек қана қызы Милана ғана біріктірген.

Қазіргі таңда, Илья ата-анасымен тұрады. Олар өз кезегінде бұрынғы келіндерімен жақсы қарым-қатынаста қалған.

Спортшы өзінің уақытын барынша қызына арнауға тырысады. Ол Милананы мектепке апарып, бірге қызықты уақыт өткізгенді бірінші орынға қойған.

Спортшы ажырасудың өзі үшін үлкен сабақ болғанын жеткізді. Алдағы уақытта ол жаңам қарым-қатынас құруды ойлап жүрген де жоқ. Бар назары мен уақытын зілтемірге арнаудамын дейді Ильин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары