Жаңаөзенде жанармай бекеті маңында көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары орталығының басшысы Рукия Сычева деп жазады lada.kz.
Оқиға 5 тамыз күні №1 өнеркәсіптік аумағында болған. Өрт сөндірушілерге қоңырау сағат 14:38-те түскен.
«Урал-582015» автокөлігінің салоны түгелімен өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ», – деді Рукия Сычева.