06.08.2018, 10:31

Қазақстанда газбен жүретін көліктер саны артып келеді

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ІІМ органдарында газ баллоны орнатылған 89 592 автокөлік тіркелген. Бұл 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 44,5 % жоғары. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бұл Қазақстанда қаңтар-маусым айларында тіркелген барлық автокөліктердің 15,9 % құрайды», – делінген хабарламада.

2018 жылдың алғашқы алты айында тіркелген көліктердің басым көпшілігі жеке тұлғаларға (84 660 бірлік) тиесілі болып шықты, газ баллоны орнатылған көліктердің небәрі 5,5 % заңды тұлғалардың (4 932) меншігінде.

73 008 жеңіл көлік тіркелген, жеңіл коммерциялық техника - 13 694, ауыр коммерциялық техника мен автобустар, сәйкесінше - 2273 және 617 тіркелімді құрайды.

Газдың бағасы ең төмен өңірлер арасында Маңғыстау облысы көш бастап тұр (19 525 бірлік). Одан кейін Түркістан облысы, оның ішінде Шымкент қаласы келеді (13 875), артынан Ақтөбе облысы (11 383) және Астана қаласы (6 031) тұр.

Қаңтар айының нәтижелері бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы көліктерге газ баллонын орнату бойынша алда тұр. Бұл өңірде 13 018 автокөлік тіркелген.

Дереккөз: ҚазАқпарат