Юлия Трофимова есімді Facebook қолданушысы парақшасында Қапшағай қаласында осыдан бүр күн болған оқиғаның видеосын жариялады деп жазады Qamshy.kz.
Видеодан екі кішкентай бала мүгедек әйелді қорлап, ойына келгенін істегенін көруге болады.
Видеодағы жазбаға сәйкес, мүгедек әйел зейнетақысын алып, сол ақшаға өзіне сүт өнімдерін алған. Сатып алғанын балаларға ұсынады. Олар алғыс айтудың орнына сол өнімді әйелге шашып, қор қылды.
Балалардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.
Желі қолданушыларының бірі балаларды кінәласа, енді бірі ата-анасын жауапқа тарту керек екенін айтады. Видеоны көргендер полиция балалар мен олардың ата-анасын тауып, айыппұл салу керек екенін және балаларға тәрбиелік мәндегі сабақ жүргізу керек екенін айтады.