Оқиға 5 тамыз күні болған. Теміртауда спирттік ішімдік ішіп алған ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс әйелді пышақтап тастады деп жазады Nur.kz. Теміртаудағы шағынаудандардың бірінде түнгі уақытта 34 жастағы әйелге пышақ сұққан қылмыскер оқиға орнынан қашып кетіпті. Әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Полицейлер күдіктіні сол күні ұстады. Айыпталушы қаладағы сауда орталығының маңында әйелге пышақ сұққанын мойындап отыр.
Қылмыс жасау кезінде ол мас болған.