$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында үш жасар бүлдіршіннің үстіне аквариум құлап мерт қылды

Алматы облысынан Екібастұзға ата-анасымен барған үш жасар қыздың үстіне аквариум құлап кеткен деп жазады pavlodarnews.kz.

5 тамызда 19.00-де Екібастұз қалалық ауруханасына 2015 жылғы қыздың денесі жеткізілгені хабарланып отыр. Оның денесінде жарақат болған – ұйқы тамыры кесілгені анықталған. Алайда оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Павлодар облысында жыл басынан бері балалардың өмірін жалмаған 10 қайғылы оқиға болған. Жетеуі суға батып кетсе, үшеуі жоғары қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары