Қазақстанның қорғаныс министрі болып Нұрлан Ермекбаев тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды», – делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін бұл қыз қызметте Сәкен Жасұзақов болған. Ол ведомствоны 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келген.
Нұрлан Ермекбаевтың бұған дейін атқарған қызметтері:
1981-1991 жылдары - КСРО Қарұлы күштерінде нағыз әскери қызметте.
1984-1985 жылдары - Ангола Халық Республикасына қызметтік іссапарда.
1991 жылдан - «Қазақстан-коммерция» АСҚ бас маманы.
1992 жылдан - «КРАМДС» корпорациясының жүйесінде қызмет атқарған.
1993 жылдан - ҚХР-дағы ҚР Елшілігі жанындағы сауда өкілдігінің аға сарапшысы.
1995 жылдан - «Австриядағы қаласын сауда үйі» Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының Алматыдағы өкілдігінің директоры.
1996 жылдан- «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
1997 жылдан - «Юнитэк Лтд.» сауда-инвестициялық компаниясының бас директоры.
1999 жылдан - Бейжін қаласындағы «Қазақстан Халық банкі» ААҚ өкілдігінің басшысы.
2001 жылдан - Қытайдағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі.
2003 жылдан - Сингапур Республикасындағы ҚР сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы).
2004 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі 2006 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2007 жылдан - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.
2010 жылы - ҚР Президентінің көмекшісі.
2016 жылдың қыкүйегінен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі.