Қазақстанның 5 облысында ерекше ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Мәселен, 31 шілдеде Атырау облысының басым бөлігінде, 1-2 тамызда кей жерлерде өте қатты ыстық 40-42°C күтіледі. 1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық 42°C күтіледі. Сондай-ақ, 1-2 тамызда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық 41-45°C күтіледі. 2 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық 41°C күтіледі.