$ 443.85  474.3  4.8

Ақтауда студент қыз өзін екі жігіттің зорлағанын айтып шағымданды

Ақтауда бойжеткен өзінің зорланғанын айтып полиция бөлімшесіне арыз жазды. Бұл жайында «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» сайтында жарияланған деп жазады Тumba.kz.

Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, ол өзін зорлаған екі жігітті жақсы танымайды екен. Жәбірленуші арызында оқиғаның 5 тамызда 17-шағынауданында болғанын жазған. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алайда, күдіктілердің қолға түскені туралы әзірге ақпарат жоқ.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, зорлау қылмысы қала бойынша көбейе түспесе, азайған емес. Сондай-ақ, зорлық көрген әйелдердің басым бөлігі полиция бөлімшесіне арыз жаза бермейтін көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары