Сәкен Майғазиев студенттік жылдардардағы естелігімен бөлісті. Ол кезде әлі танымал бола қоймаған әнші Түсіпбаевадан жылы сөз естіп, түнімен ұйықтай алмай шығыпты.
«МузАрт» тобы әлі құрыла қоймағанда Түсіпбаеваның даңқы асқақтап тұрыпты.
«Мереуерттің «Қимай сені барамын» деп «қиратып» жүрген кезі. Бәріміз сындық қой жігіттер, мойындасаңдаршы.
РЭЦК-ң 2-курс студенті екенімді, болашақ әнші екенімді айтып, ағымнан жарылып жатырмын. «О-о-о, қазақ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой… Түсіпбаевадай сұлудан сұлу сөз есту. Күні бойы толқып, түні бойы дөңбекшіп шықтым (арасында барып айнаға қарап қоям)», – деп жазған Майғазиевтың жазбасына әріптесі де жауап жазды.
Әнші ұлы Нұрғисаның Сәкендей әншіге ұқсағанын қалайтынын айтты.
«Осы естелікті оқып күліп алдым. Үмітім Нұрғиса балам Сәкен Майғазиев бауырымызға ұқсаса разымын. Ол сияқты анасын сыйласа, өмір зая кетпейді деп ұғынамын», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева желідегі парақшасында.