Жақын күндері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп, күн суытуы мүмкін деп «Қазгидромет» РМК -ның баспасөз қызметі.
2018 жылдың 9-11 тамыз аралығында Қазақстанның солтүстігінде суықтың кезекті толқыны өтеді деп күтіледі.
Карск теңізі аудандарынан келетін суық ылғалды арктикалық ауаның салдарынан Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ шығыс өңірлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.
Еліміздің кей өңірлерінде қатты күн күркіреп, екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін деп болжануда. 9-11 тамыз аралығында солтүстік, орталық аудандарда температура түнде 7-17 дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді.
Ал, қалған аймақтарда ауа температурасы бұрынғыдай қалыпты норманы сақтап тұрады. Дегенмен, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
11 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде қатты жел соғып, арты шаңды дауыл мен бұршаққа ұласуы мүмкін.
Дереккөз: Stan.kz