Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ақысы үшін жолаушыны тепкілеп тастаған. Осынау сәттегі видеоны куәгерлер телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.
Видео авторының айтуынша, қаладағы №24 автобустың жүргізушісі жолаушының түсетін А.Жұбанов атындағы университеті аялдамасына тоқтамай, өтіп кеткен. Бұған ашуланған жолаушы кондуктордан төлеген ақшасын қайтарып беруін сұрайды. Алайда, кикілжіңнің арты төбелеске ұласып, жүргізуші әлгі жігітті тепкінің астына алған.
Автобус жүргізушісімен қоса кондуктор да жолаушыға қол көтереді. Автобуста кішкентай балалар да болған. Ал басқа жолаушылар қызба қанды жүргізушіні сабырға әрең шақырады.