Қарағанды облысында Балқаш-Шұбар түбек тас жолында көлік жүргізіп келе жатып селфи жасаған әйел оқыс жағдайда көз жұмды деп жазады Liter.kz.
Оқиға Ақтоғай ауылына жақын маңда болған.
Әйел адам телефон камерасын қосып, терезеге қарай жантаяды. Сөйтіп, көліктен құлап кетеді. Оны полицейлер қосылып қалған телефон камерасынан анықтаған.
«Өкінішке қарай, болмашы селфи өлімге әкелді», - деп хабарлайды аудандық ІІД-нің баспасөз қызметі.