09.08.2018, 05:15

Жамбыл облысында пойыздардың рельстен шығып кетуіне не себеп болды?

31 шілдеде Сарышаған-Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты тергеу амалдары жүргізілді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу жұмыстарына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары, «Азовэлектросталь» ЖАҚ (Украина), «Инсткомтранс» ЖШС өкілдері қатысты.

«Тексеру көрсеткендей, апатқа 28-ші вагонның бүйір жақтаушасының жарықшағы себеп болған. Аталмыш ақаулы жақтаушаны 2009 жылы «Азовэлектросталь» ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі -«Исткомтранс» ЖШС екендігі анықталды» делінген хабарламада.

Қазіргі қолданыстағы ҚР Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібіне байланысты болған оқиғаға «Азовэлектросталь» ААҚ жауапты ретінде тіркелді.

«Қазақстан темір жолына» келтірілген барлық шығындарды заңды негізде вагонның меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС өтеуге міндетті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ оны аталған серіктестіктен талап етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат