7 тамыз күні Амангелді ауданында жұмысшы топырақ астында қалып қойды деп жазады alau.kz.
Құрылыс нысанында жер қазу жұмысы жүргізіліп жатқан. Сол уақытта топырақ опырылып түсіпті.
«Құрылыс жерінде субмердігерлік ұйым да жұмыс істеп жатқан болатын. Опырылып түскен топырақ 47 жастағы жұмысшыны басып қалды. Ол үстіне құлаған топырақ үйіндісінен қаза тапты. Қазіргі уақытта біздің комиссия тергеу жұмыстарын жүргізуде», – деді Қостанай облысындағы Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Мәкеев.