$ 494.87  520.65  4.91

Сүйіктісі үшін бас тартқан: Теміртауда 2 жасар қызын тастап кеткен көкек ана табылды

Теміртауда екі жасар қызын бейтаныс әйелдің қолына ұстатып, ізін жасырған көкек ананың қызынан сүйіктісі үшін бас тартқаны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айта кетсек, бейтаныс әйелден екі жасар балаға қарай тұруын өтініп, оны көшеде тастап кеткен келіншек туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Қамқоршы органдар қыздың анасы бейтаныс әйелге қалдырып кеткен телефон нөміріне қоңырау шалып, көкек анамен тілдесті.

Келіншек телефон арқылы қызын ендігі керек етпейтінін мәлімдеген. Ол өзге ер азаматпен көңіл жарастырыпты. Жаңа сүйіктісі келіншекті қызымен бірге қабылдаудан бас тартқан. Нәтижесінде келіншек қызын тастап, ер адамды таңдауды жөн санапты.

«Қыздың анасы 1992 жылғы Қарағанды тұрғыны болып шықты. Оның қызына құжаттары болмады», — дейді қамқоршы органының өкілі.

Олар қыз баланы бөбектер үйіне жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары