Тәртіп сақшылары сүлгіге оралған сәбидің туғанына 4-5 сағат болғанын анықтаған. Тез арада нәресте аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауға алған.
9 жастағы Гүлназдың өз анасы туралы бар естелігі осы ғана. Бауырларыма да дұрыс қараған жоқ деп бұртиды. Тіпті үйге қамап кеткен кездері де аз болмапты. Ақыр соңында көкек ана ішінен шыққан 3 баласын тағдыр тәлкегіне тастап, шетел асып кетіпті.
Тағы бір сұмдығы, Сайора өзінің өгей әкесінен жүкті болған. Сосын түсік тастатқызған. Содан кейін бір жігітті «қызымды зорладың» деп айыптап, ол жігіттің әкесінен ақша мен автокөлік боспалап алғаны да бар екен.
Батыс Қазақстан облысында әйелі ер адамды төрт баласымен бірге тастап, отбасынан біржола кетіп қалған. Ол кезде кенжесі 11 айлықта болған деп жазады Мой город.