09.08.2018, 10:19

41 градусқа дейін күн ысиды – Қазгидромет

10 тамыз күні Түркістан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

10 тамыз күні күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

10  тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жауы ықтимал, солтүстік-батыстан  соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат