$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте полицейлер өлімге жеткізген жол апатын көрген куәгерлерді іздеп жатыр

Шымкентте полицейлер өлімге жеткізген жол апатын көрген куәгерлерге іздеу салды деп жазады NewTimes.kz.

25 шілде күні түнгі сағат 02:20-да Өтегенов пен Арғынбеков көшесінің қиылысында ВАЗ-21099 бен BMW 525 автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан BMW 525 көлігінде отырған жолаушы қайтыс боп кеткен.

Дәл қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақтардың аз болуына байланысты полицейлер тұрғындардан осы оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет білсе, 8 702 406 06 01 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары