$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда «Барахолка» базары тағы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Алматыда «Барахолка» атанып кеткен базардағы «Байсат» сауда орталығында өрт шықты. Тілсіз жаудың шарпуын куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеуде.

Сауда орталығында өрт сағат 16:30 шамасында басталған.

Лаулап жанған жалын маңына ешкімді жолатар емес. Кадр сыртында «Отты өшіріңдерші, тезірек» деген саудугерлердің дауысы шығады. Өрт сөндірушілерге хабар берген.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Саудагерлерге келтірілген шығын да алдағы уақытта есептелетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары