Павлодарда бірнеше көліктің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы орын алды деп жазады pavlodarnews.kz.
Таңертең сағат 08.40-де Бектұров көшесінде «BMW» және «Lada Granta» маркалы екі автокөлік қақтығысқан. Салдарынан қасындағы тұрақтағы үш автокөлікке соғылған «Lada Granta» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген.
«Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, №1 қалалық ауруханаға жүгінген 1982 жылғы ер адамның бас сүйегі мен білегі жарақттанған. Ауруханаға жатудан бас тартқан. Ақбота Сейсенбаева