$ 494.87  520.65  4.91

Семейде студент қыз сөмкесін ұрлағаны жайлы жалған ақпарат берген

21 жастағы семейлік студент қыз орталық полиция бөліміне өзін тонап кеткені жөнінде арыз түсірген деп жазады 24.kz.

Оның сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты. Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықтаған. Сөйтсе, арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойыпты. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Авторлары: Руслан Шақабай, Болат Көкенай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары