10.08.2018, 06:07

Сары әулиенің кіші тоқалы жас жігітпен қыдырып жүрген жерінен ұсталды (ФОТО)

Үш жыл бұрын Марат қажы 18-ге толмаған қызға үйленіп, дүйім жұртты таң қалдырған еді деп жазады KYN.KZ.

Жұрт Сары әулие деп атаған Марат қажының кіші тоқалы халық күтпеген жаңалығымен бөлісті. Оның Марат қажыдан бір қызы бола тұра, жас жігітпен көңіл қосқаны белгілі болды. Мұны байқаған көпшілік анасынан бірнеше жас үлкен ер адамға тұрмысқа шыққан Гүлиярдың өзін сынай түсті. Не бәрі үш жыл бұрын бүкіл Қазақстанның алдында Сары әулиемен қалай көңіл қосқанын, оны қалай баптап, қалай күтетінін мақтана әңгімелеген бойжеткенді қажының жақтастары жақтырмай қалған көрінеді. Себебі олар Гүлиярдың желідегі парақшасына жағымсыз пікірлерді жиі жазатын болған.

Ал мына жас жігіттің қазірге есімі ғана белгілі. Темірлан да жеке парақшасына Гүлиярды сүйіктім деп көрсетіп, құшақтасқан суреттерін көптеп салған.

Еске сала кетейік, Марат қажының төрт әйелінен жиырмадан астам перзенті бар. Бәйбішесінен туған тұңғышымен үйге таласып соттасқан еміші, одан «Алла алдында бас тарттым» деген еді.