$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіпкер жұмысшыларына 200 мың доллардан сыйақы таратты

Түркиядағы Yemeksepeti тамаққа тапсырыс беру қызметінің басшысы Невзат Айдын өзінің бизнесін сатқаннан соң әрбір қызметкеріне 200 мың доллардан сыйақы таратты деп  Siliconrus-ке сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Түрік интернет-сервисінің басшысы мамыр айында Delivery Hero неміс компаниясының сервисін сату жөніндегі мәмілені іске асырған.

Содан соң Невзат Айдын жақсы жұмыс істегендері үшін барлық қызметкерлеріне, 114 адамға сыйақы ретінде $200 мың сомасына чек жазып берген. Айта кететін жайт, компаниядағы орташа жалақы айына шамамен 1-1,8 мың долларды қамтиды.

«Сыйақыны алған кезде адамдар қуанғаннан көз жастарына ерік беріп, айқайлап, барлық эмоцияларын сыртқа шығарып жатты. Кейбірлері маған алғыс хат жазды. Мен оларды толығымен түсінемін. Себебі енді олар армандаған нәрселерінің бәрін сатып ала алады. Ал бұрынғы 5 мың лиралық жалақы болса, ештеңеге жетпейтін еді. Мен адамдарға берген үстіне бере түскім келеді», — деді Н.Айдын.

Жалпы кәсіпкердің ұжымға мұнша сыйақы төлеуі Түркия тарихында ең алғаш рет болған жайт.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары