$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбе облысында 11 вагон өртеніп кетті

Ақтөбе облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуі салдарынан дизельдік отын тиелген жеті вагон және құрғақ жүк тиелген төрт вагон өртеніп кетті деп хабарлайды "Новости Казахстан" АА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше Емді қаласынан 4 шақырым жерде орын алды. Темір жол апаты орын алғандығы туралы ақпарат ТЖД мамандарына күндізгі сағат 15:22-де келіп түскен.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, барлығы темір жолдан 20 вагон шығып кеткен. Олардың 16-да жанармай болыпты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 17 минутта келіп жеткен. Олар алғашында Ембі қаласынан келсе, кейін қосымша күш ретінде Қандыағаштың және Ақтөбенің өрт сөндірушілері тартылған. Қызыл жалын үш сағат дегенде ауыздықталды.

Өрттен құрбан болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын есептеліп жатыр. 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары