17 жастағы жігіт Комаров саяжайындағы Орал өзеніне батып кетті деп жазады Мой город.
Оқиға 8 тамыз күні сағат 15.00 шамасында болған.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел құтқару тобы 2001 туған жігіттің денесін іздестірді. Куәгерлердің айтуынша, ол жүзуге тыйым салынған аумақта шомылған.
“10 тамыз күні сағат 07.50 шамасында Комаров саяжайындағы Орал өзенінен құтқару тобы жасөспірімнің мәйітін зорға алып шықты”, - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.