ЭКСПО -2017 көрмесіне 300 мың шетелдік турист келеді. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК кеңесшісі Роза Асанбаева айтты.
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің зерттеулері бойынша көрмеге келеді деп күтіліп отырған қонақтардың саны 2,1 млн адам. Оның ішінде 300 мыңы шетелдік туристер, - деді кеңесші.
Оның айтуынша Ұлттық компания қызмет көрсетіп жатқан қонақ үйлердің жалпы бөлмелер қоры 6,3 мыңға тең келетінін анықтаған. 2017 жылға қарай қосымша тағы 73 қонақ үй салынады.
Халықаралық тәжірибе бойынша ЭКСПО көрмесі секілді ауқымды іс-шараларды өткізу туризм саласын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да салаларын дамытуға қозғау салады. Статистикаға сәйкес 1 турист өзі келген ел аумағында 1,5 мың долларға жуық қаржыны жұмсап, шамамен 6-12 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Осылайша көрмені өткізуден алынатын нәтиже орасан зор. Яғни, экономиканың түрлі салалары мен еліміздің азаматтары ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қосымша табыс таппақ.