$ 494.87  520.65  4.91

Жүргізуші ұйықтап жатты: Семей тұрғыны Ресейде 48 жолаушыны өрттен қалай құтқарғанын айтып берді

Семей тұрғыны Ержан Амарханов Ресейде 48 жолаушыны аман алып қалғаны туралы айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ержан Амарханов 4 тамызда “Семей-Новосібір” бағытындағы автобусқа отырады. Түнгі уақытта Алейск қаласының маңында көліктен өрт шыққанын айтады. Ол өртті алғашқы болып байқағандардың бірі. Орындығының қатты ысып кеткенін байқайды. Түтіндеп жатқанын сезеді. Дереу автобус жүргізушісіне айтқанымен ол сөзіне сенбейді.

“Ұйқыдан оянып кеткенде, автобус өртене бастағанын білдім. Автобус жүргізушісі менің сөзіме сенбеді. Екінші жүргізуші ұйықтап жатты. Оған жұдырық жұмсауға тура келді. Сосын барып тоқтады. Ол кезде көліктің арты жалындана бастаған. Жолаушыларды сыртқа шығара бастадым. Балаларды кезекпен сыртқа шығардым. Кейбірі иістен уланып, есін білмей отырды”, – дейді Ержан Амарханов.

Ержан 1 минут 45 секундта 48 жолаушыны құтқарып қалды. Оның ішінде 12-і жас бала.

Ержан Амарханов Ресейге көлік сатып алу үшін барған. Көліктің ақшасы, барлығы 1 млн 400 мыңның көлікте жанып кеткенін айтты. Ол жолаушыларды құтқарам деп жүріп ақшасы мен құжаттарынан айырылды. Көлік жүгізушісі 790 мың теңге қайтарып, қалғанын 15 тамызға дейін беретін болды.

“Автобус “Сұлу” бекетінін жолға шықты. Бекет басшылығына хабарасып, оқиға жайлы айтқанда олар көлік үшін Ресейдің жауа беретінін, сол елге тиесілі екенін айтты. Мен елімізде қауіпсіздікті тексеру керек екенін ескерттім. Бірақ сөзімді тыңдаған жоқ”, – дейді ол.

Ержанның ерлігі жайлы жақындары жаңалықтардан естіген. Өзі бес күн дегенде Семейге келіп, туыстарымен көрісті.

Ол 4 баланың әкесі. Кәсіпкерлікпен, бапкерлікпен айналысады. Балаларды күрестен дайындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары