Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
12 тамыз күні сағат 13:49-да 101 пультіне Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Дереу оқиға орнына аттанған өрт сөндірушілер сағат 14:00-де жетіп, бас-аяғы 6 минутта 17 шаршы метрді алған қызыл жалынды өшіріп үлгерген.
6 адам эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.
Тілсіз жау 17 өрт сөндіру көлігінің көмегімен өшірілді.
Дереккөз: NewTimes.kz