$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Моңғолияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Моңғолияның оңтүстік-шығысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті деп хабарлайды МОНЦАМЭ агенттігі.

Оқыс оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі - жас бала. Пойызда жалпы 328 жолаушы болған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр, пойыздың апатқа ұшырау себептері әлі жария етілген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0