$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасынан он адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

2018 жылғы 12 тамызда шамамен 17 сағат 30 минутта Алматы-Ташкент-Термез тасжолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. ЖКО салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ, ЖКО-нан 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы және жеті Өзбекстан азаматтары түрлі деңгейдегі жарақаттарымен Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданатын болады. Автокөліктер айып тұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері орын алған ЖКО апатының себептерін анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары