$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында үш азамат өз қожайындарының қойын ұрлаған

Жол полиция қызметкерлері кезекшілік атқару кезінде өздерінің қожайынынан қой ұрлаған азаматтарды ұстады деп жазады «NewTimes.kz».

7 тамыз күні сағат түнгі 04.00 шамасында Федоров қаласы және Қашар ауылдарының арасында жол ережелерін бақылау кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы жігіт тізгіндеген «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатады.

Тексеру барысында автокөліктен байланған 5 қойды көреді. Жол полиция қызметкерлері қойлардың Андреев ауылынан ұрланып әкеле жатқанын анықтаған.

Күдіктілер қойдың ұрланғанын қожайындары білмей қалады деген оймен оларды сатуға апара жатқан екен. Ұрлықтан хабардар болған отардың иесі бұрынғы жұмыскерлерінің қылмысын кешірген. Алайда, ұрлық жасағандары үшін үш азамат жауапқа тартылатын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары