Ауыр атлетикадан Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Майя Манеза Алматыдан медициналық орталық ашты деп жазады «Домашний очаг» басылымы.
Майя Манеза медициналық орталықты алдымен спортшыларға деп ашыпты. Дегенмен, кейіннен қарапайым халық та оның орталығына емделуге ықылас танытқан соң барлығын да қабылдай бастаған.
«Орталықтағы дәргер Қытайдан келген. Білікті маман. Медицина саласында 40 жылдық тәжірибесі бар. Оны табу да қиынға соқты. Қытайдан анау-мынау дәрігердің Қазақстанға келе қоюы екіталай. Олар сол жақта да жақсы табыс табады. Біздің орталық жарты жылға жуық бос тұрды дәрігер болмағасын», - деген Олимпиада чемпионы қайырымдылықпен де айналысатынын айтты.