$ 443.44  480.51  4.88

Жансақтау бөлімінде жатыр: Алматыда ер адам лифт шахтасында 5-қабаттан құлады

7 тамыз күні Алматы қаласы «Ақ бұлақ» ықшам ауданында ер адам лифт шахтасына түсіп кетіп, 5-қабаттан құлады деп жазады Время порталы.

Ер адам 5-қабаттан лифт шақырады. Алайда кабинасыз ашылған есікке ол мән бермей кіріп кетеді. Сөйтіп, төменге құлап түседі. Куәгерлердің бірі Динара Нүсіпбекова оны бірінші қабаттан әрең дегенде шығарып алғандарын айтады.

Тілшілер «Алматылифт» ЖШС басшылығымен байланыса алмай отыр. Ал жергілікті ІІД бұл оқиғадан хабарсыз боп шықты. Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов құтқарушыларға хабар түспегенін айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде журналист Айзат Әбдісамат аяғын лифт қысып қап, есігі сүйреп кеткен еді. Ауыр жарақаттан 1 баланың анасы қайтыс боп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары