13.08.2018, 10:35

Маңғыстау облысында төбелес кезінде 19 жастағы жасөспірім көз жұмды

Оқиға Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында болды. Бұл туралы құқық қорғау органыны хабарлады деп жазады Тumba.kz.

Ауыл жастарының арасында төбелес туып, оның арты қайғылы жағдайға әкеп соқтырған. Бұл оқиға үш күн бұрын болыпты.

Төбелес кезінде ауыр жарақат алған 1999 жылы туған ауыл тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жасөспірімнің 12 тамыз күні есін жимастан көз жұмғанын хабарлады.