13.08.2018, 11:16

Қыз бен жігіт өздеріне қарсы шыққан әке-шешелері үшін пойыздың астына түсіп өлді

Өзбекстанда 17 жастағы қыз бен 20-дағы жігіт өздеріне қарсы шыққан әке-шешесі үшін пойыздың астына түсіп өлді деп жазады ca-news.org.

Туыстарының айтуынша қыздың ата-анасы араласып жүрген жігітіне тұрмысқа шығуына қарсы болған.

Оқиға 10 тамыз күні Кумкишлак ауылында болған. Олар өздерін Термез-Кумкурган-Ташкент пойызының астына тастаған.

Сурхандарья облысындағы теміржол милициясы оқиғаны растап отыр.

Жергілікті прокуротура тергеу амалдарын бастап кетті.