Қарағандыда еркек өзге ер адамды зорлағаны үшін 6 жыл, 6 айға бас бостандығынан айрылды деп жазады Nur.kz.
Бұл оқиға Қарағандыдағы Қазыбек би ауданында болған. Анықталғандай, жәбірленуші қанша қарсылық көрсеткенімен оны өзі секілді ер адам зорлап тастапты. Айыпталушы ісін бітірген соң, зорланған ер адам одан қашып кеткен. Сөйтіп ол бірден полиция бөлімшесіне арыз жазады.
Сот-медициналық сараптама болған жайтты растады. Қазыбек би ауданының соты айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бап, 2-бөлімі бойынша 6 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырды.
Кісі зорлау ісі бойынша сот отырысы жабық түрде өтті.