Тараздың жекеменшік демалыс орындарында қайғылы оқиғалар тіркелді. Жасөспірім мен 7 жасар бала суға кетті деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖД.
«Күншуақ» демалыс орнының аумағында 7 жасар бала бассейнде шомылып жүріп, суға батып кетті. Куәгерлер баланың денесін судан өз беттерімен алып шыққан», - деді ведомство өкілі.
Сондай-ақ, «Уатервиль» жекеменшік демалыс орнының маңындағы хауыздан куәгерлер 14 жастағы жасөспірімнің денесін алып шықты.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, адамдардың шомылуға арналған жерлерде қаза табуы жиілеп кеткен. Осылайша, 2 тамызда «Жаңатас» қалалық жағажайында 54 жастағы ер адам суға кетіп, мерт болған.
Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыстың су қоймаларында арты қазаға алып келген 15 жағдай тіркелген.
Дереккөз: ҚазАқпарат