Алтай өлкесінің тергеушілері суға секіремін деп қолынан айрылған 13 жастағы жеткіншекке қатысты істі тексеріп жатыр деп жазады Риа Новости.
Оқиға жұма күні Черышский ауданында болған. 13 жастағы жеткіншек өзен жағасында тұрған ағашқа қарғып, суға секірген.
«Баланың қолы жіпке ілініп қалған. Қазір осы іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Жасөспірімнің жанында камелет жасына толмаған тағы бірнеше бала болған. Олар тыйым салынған жерге шомылған.